Қазіргі Қызан аулындағы Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы оның қабырғасы қаланған 1937 жылдан емес, қазіргі ауыл аумағын мекен еткен көшпелі тұрғын халықтың балалары оқыған кеңес үкіметі ұйыдастырған (1930-1937жж) көшпелі бастауыш мектептер мен патша үкіметі кезіндегі (XVIII-XXғ) мешіт медіреселерден бастау алады.
1974-75 оқу жылында мектеп он жылдық болды. Ауыл іріленіп, орталық «Ақшымырау» совхозы болғаннан кейін 1976 жылы 1 қыркүйегінде жаңа типтік 320 орынды екі қатарлы мектеп үйі пайдалануға беріліп, одан бері де, сан тарау жолға, сандаған шәкірттерді ұшырып жатыр.
Мектеп туралы