Маңғыстау облысының білім басқармасының
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің

«Ә.Жангелдин атындағы
жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, Маңғыстау
ауданы, Қызан селосы
МОББ сенім телефоны:
+7(72931) 2 12 64
Меню

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!

ҚР БжҒМ-ң 12.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа 6 жастағы және осы жылда 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Бұл - мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады. Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, www.egov.kz веб-порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.

Қажет құжаттар тізімі:

1. өтініш;
2. 052-2/у нысанды денсаулық паспорты;
3. баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті.

Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.

Ата-аналар соңғы күнге қалдырмай, балаларымызды мектепке қабылдауға өтініш беруді 1 сәуірден бастайық!

1

Соңғы жаңалықтар

  • qazlatyn.kz
  • atau.kz
  • emle.kz
  • sozdikqor.kz
  • tilalemi.kz
  • tilmedia.kz
  • tilqural.kz

    Сілтемелер

    Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің
    «Ә.Жангелдин атындағы білім беретін мектеп»
    Коммуналдық мемлекеттік мекемесі