14-23 наурыз аралығы «Наурызнама» онкүндігі аясында, мектептің іс шара жоспарына сәйкес «Ә. Жангелдин атындағы ЖББМ» КММ де «Амал келді, жыл келді» тақырыбында мектеп ауласында Наурыз мерекесі тойланды. Жасы үлкендерге кішілер келіп көрісіп, жаңа тілектер арнады.
Мереке барысында оқушылар мен мұғалімдер, мектеп қызметкерлері ұлттық нақышта киім киіп, шараның сәнін аша түсті.
Жоспарлы шарада 24 сынып аралығында бір мезетте ұл балалар мен қыз балаларға 48 түрлі іс-шара жоспарланып, жүзеге асырылды. Атап айтсақ спорттық ойындардан: қол күресі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, садақ ату т.б.; ұлттық тағамдардың дайындалуы: бауырсақ пісіру, шоққа нан көму, құрт жасау; қол өнерден: жіп есу, кесте тігу, ұршық иіру, киіз басу т.б. Мектебіміздің әнші мұғалімдері мереке күні өз өнерлерін көрсетіп мереке барысының сәнін келтірді.
Мектебіміздің 506 оқушысына ұжым атынан “Наурыз кәде” қоржыны табысталды. Көктем келіп, табиғатқа жан біткен шақта осылайша мектеп ауласында керемет қуаныш күйге бөлеп, қазақы мейрамымызды ұлықтап, ұлттық құндылықты дәріптеп, оқушылар бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде наурыз айы нағыз құндылық айы болды.
Осы шараның өтуіне атсалысқан барша ұжымға, қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!
Амал мерекесі құтты болсын!!!
Жыл оң болсын, Ақ мол болсын!!!
14 наурыз, 2024 жыл
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттықмүдде
#Ұлттыққұндылық
#Наурызқұндылықайы
#Әкелермектебі
#Аналармектебі
#Наурыз