Бүгін мектебімізде 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық аясында мектеп түлектері мен ата-аналарға түсіндірме жиныны ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – түлектерге тестілеудің жаңа ережелерін түсіндіру, дайындық үрдісін дұрыс ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру және білім деңгейін көтеруге қолдау көрсету.
Кездесу барысында ҰБТ форматы, пәндерге бөлінген уақыт, тест құрылымы және шекті балл талаптары туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, тестке психологиялық дайындықтың маңыздылығы, уақытты тиімді басқару әдістері және стресті қалай жеңуге болатыны талқыланды.
Барлық түлектерімізге сәттілік тілейміз!
ҰБТ-да өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеп, армандаған оқу орындарына түсуге мүмкіндік алсын!