Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Ахат Данияр барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, мектептің жаңа президенті лауазымына тағайындалды.
Жаңа президентпен бірге мектептегі парламент мүшелерінің де жаңа құрамы анықталды.
Мектеп парламенті Президентінің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!