Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектептің мектепшілік бақылау жоспарына сай 11.11-15.11.2024ж күндері аралығында орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы өтті. Апталық жоспары жасақталып, мектебіміздің ағылшын тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері сабақтан тыс уақытта, дәлізде оқушыларға қызықты тапсырмалар мен сайыстар ұйымдастырып апталықтың ашылуын жасады. Аптаның әр күні екі тілде белгіленіп барлық сыныптарды қамти отырып интеллектуалды сайыстар, түрлі тренингтер, сұрақ-жауаптар, спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, екі тілде караокемен ән шырқады.
Апталық барысында жүргізілген барлық іс-шаралар, үштұғырлы тіл биігінде аталып өтті. Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тауып, апталыққа белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар жүлделі орындармен марапатталды.