«Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес «Мектеп театры», «Шабыт» жобалары аясында 5-7 сынып оқушылары арасында бала жанын терең зерттеген қаламгер, көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жазушының «Менің атым-Қожа» повесінің желісі бойынша сахналық қойылым сайысы болып өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай отырып, жақсы мінез-құлықты үлгі ету.
Сайыс барысында оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, кейіпкерлер әлеміне еніп, көрермен қошеметіне бөленді.
Сайыс соңы жеңімпаз топтарды марапаттаумен аяқталды.