Маңғыстау облысының білім басқармасының
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің

«Ә.Жангелдин атындағы
жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, Маңғыстау
ауданы, Қызан селосы
МОББ сенім телефоны:
+7(72931) 2 12 64
Меню

ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ұлттық тұрғыдағы тәрбие көзі - «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ»

ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨШПЕЙТІН ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ

«Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» және «Даналық мектебінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5 сынып оқушыларының әжелерімен «ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨШПЕЙТІН ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды.

Тәрбиелік шараның бірінші бөлімінде оқушылар әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі, өнегелі әжелердің немерелеріне нені үйрету керегін, бойына тектілікті әженің жырымен, үнімен сіңірген ұрпақтан, қандай қиындықта да жігерлі, ұлағатты тұлға шығатынын сендіре әңгімелеген әжелер әңгімелерін тыңдады.

Екінші бөлімінде әжелер жүннен бұйымдар жасау, ұршық иіру, шаш өру, тоқуыш тоқу, құрт жасау техникаларын оқушыларға үйретумен жалғасты. Ардақты әжелеріміз балаларға жүннен жасалатын бұйымдардың, ою-өрнектің шығу тарихы мен жасалу жолдарын түсіндірді. Текемет, сырмақ басу, ұршық иіріп, жүн түтіп, шаш өрудің түрлерін, шашбау тағуды, құрт жасауды үйретті.

Немерелеріне үлгі болуды дағдыға айналдырған әжелеріміздің қатары көп болсын!

2024-12-04_15-24-43
2024-12-04_15-25-23
2024-12-04_15-25-49

Соңғы жаңалықтар

  • qazlatyn.kz
  • atau.kz
  • emle.kz
  • sozdikqor.kz
  • tilalemi.kz
  • tilmedia.kz
  • tilqural.kz

    Сілтемелер

    Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің
    «Ә.Жангелдин атындағы білім беретін мектеп»
    Коммуналдық мемлекеттік мекемесі