Маңғыстау облысының білім басқармасының
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің

«Ә.Жангелдин атындағы
жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, Маңғыстау
ауданы, Қызан селосы
МОББ сенім телефоны:
+7(72931) 2 12 64
Меню

Тәжірибе алмасу

Маңғыстау аудандық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында,мектептер арасында білім сапасын арттыру бағытында бір бірімен тәжірибе алмасу кезеңінде Ә.Жангелдин атындағы ЖББМ пен Тобанияз атындағы ЖББМ арасында жоспарлы тәжірибе алмасу іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әр сыныптың деңгейін саралауда ашық сабақтар өткізілді,пән бойынша сабақтарға Тобанияз мектеп мұғалімдері қатыстырылды.Жоспарлы іс-шараның соңғы аптасында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында он пән бойынша десант сабақ жоспарланып,Тобанияз мектебінде өткізілді.Нәтижесінде әр сабақ соңында оқушылардың кері байланыс негізінде өте жақсы өтті деп бағаланды.Оқу- әдістемеліктің ұйымдастыруымен өткен тәжірибе алмасуда білім сапасын арттыруға ықпалы болары сөзсіз.

Жоспарлы шараның соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып мектеп директоры Б.Бисенов атқарылған іс -шараларға тоқталып,алдағы уақытта да бірлесе қызмет жалғаса беретінін айтып,мектебімізде десант сабақ жоспарланып,өткізген мұғалімдерге Алғыс,мектепке осы кезеңнен естелік ретінде сый табыстады.

Соңғы жаңалықтар

  • qazlatyn.kz
  • atau.kz
  • emle.kz
  • sozdikqor.kz
  • tilalemi.kz
  • tilmedia.kz
  • tilqural.kz

    Сілтемелер

    Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің
    «Ә.Жангелдин атындағы білім беретін мектеп»
    Коммуналдық мемлекеттік мекемесі